Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 40 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 8135 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Шалқар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 338 "Шалқар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6144 тіркелген, 2019 жылы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Оспанова
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады