Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 385 "Ақсу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5258 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.О. Есжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу ауданы әкімінің міндетін атқарушысы | А. Сабырбаев |