"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 39-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4927 тіркелген, 2018 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының | |
төрағасы | И. Кан |
Көксу ауданы мәслихатының | |
хатшысы | А. Досымбеков |