Панфилов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6-27-179 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7-14-73 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 14 желтоқсанда № 25778 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Панфилов аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6-27-179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4464 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық мәслихатының хатшысы Е. Шокпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады