"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің Нәдек ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірлік ауылдық округінің Нәдек ауылындағы "№ 2" көшесі "Шапағат" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Бірлік ауылдық округінің әкімі | Р. Аульбеков |