"Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/24-VII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 наурызда № 161 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 22/211-VII шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 25.11.2022 № 22/211-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "ұстау" деген сөз "асырау" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің "Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары" қосымшасында:

      бүкіл мәтін бойынша "ұстау", "ұстауға", "ұстауы" деген сөздер тиісінше "асырау", "асырауға", "асырауы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3-тармақта:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;";

      3), 4) тармақшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "7) ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;";

      2-тараудың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шымкент қаласының аумағында тұратын барлық иттер мен мысықтар (бұдан әрі – жануарлар) бірыңғай бірдейлендіру бойынша базасына тіркеуге жатады.";

      5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      9-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі жануарлар 3 (үш) айлық жасынан бастап, тұқымына қарамастан, құтыруға және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауға жатады.

      Жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау үшін биостерилизациялау шаралары қолданылады.";

      16-тармақта:

      бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер вакцинация жұмысын жүргізудің ең төменгі жасына (иттер мен мысықтар үшін – 3 (үш) айлық мерзім) жетпеген жануарлар әкелінсе немесе шығарылса, паспортта вакцинация туралы белгі қоймай жануарды қаладан шығаруға немесе басқа қаладан әкелуге жол беріледі.";

      21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      23-тармақ алып тасталсын;

      24-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      25-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      27-тармақта:

      2) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Ш. Козбахов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады