"Жамбыл облысында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 218 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24802 болып тіркелді

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 45 қаулысына "Жамбыл облысында 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 152995) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Жамбыл облысы бойынша 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерлемесіндегі:

      10 тармақ Шу ауданында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері, "Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар" бөлігінде:

      14,15 жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14

"Ерке-Есіл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұршуақ" бөбекжай- бақшасы

100

41549

6000

15

"Амира Ханшайым" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Дария" балабақшасы

100

41549

6000

      ";

      мынадай мазмұндағы 16 жолмен толықтырылсын:

      "

16

"Аяла" бөбекжай-бақшасы

85

41549

6000

      ";

      11- тармақ Тараз қаласында 2021 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері, "Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар (шағын орталықтар)":

      толық күндік шағын орталықтар жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

Толық күндік шағын орталықтар

1400

38023

8750

      ".

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады