Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.04.2022 № 26/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің "Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 19/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6271 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 1 529 107 000 (бір миллиард бес жүз жиырма тоғыз миллион жүз жеті мың) теңге сомасында бекітілсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |