"Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 49 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 19/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 30 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 6277 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 5, 6 баптарына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;";

      2) 1 тармағы келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – тегін жолақы;".

      2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Б. Ысқақов) осы бірлескен қаулы мен шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды қалалық мәслихатының және Қарағанды қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қаланың әлеуметтік саласы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Алтынторе Жангельдыевич Букенов) және Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметоллаұлы Бикеновке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қараганды қаласының әкімі Е. Булекпаев
      Сессия төрағасы Т. Ашимов
      Мәслихатының хатшысы К. Бексултанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады