Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Жумкина |
Жезқазған қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | В. Сотников |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 19.04.2022 № 19/158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 05.08.2024 № 20/120 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы |
1. | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
2. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
3. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
4. | Толық емес отбасылар |
5 | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары |