Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 19/158 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27711 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6302 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы А. Досанов

  Жезқазған қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 19
сәуірдегі
№ 19/158
шешіміне 1 қосымша
  Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 5/45
шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Жезқазған қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 19
сәуірдегі
№ 19/158
шешіміне 2 қосымша
  Жезқазған қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 5/45
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3

Толық емес отбасылар.

4

Білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық мамандар;
арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері;
мадениет және спорт ұйымдарының профильдік қызметкерлер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады