Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 5/45 шешіміне (Hормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6302 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 20/120 шешіміне қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1. | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
2. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
3. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
4. | Толық емес отбасылар |
5 | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары |