Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 16 ақпандағы № 185 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4628 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы | Р. Абеуов |