Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының басшысына және әкім орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |
Бұқар жырау ауданының әкімдігі 2021 жылғы 15 ақпандағы № 09/02 қаулысына қосымша |
"Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
2. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2) алғыс жариялау;
3) грамотамен марапаттау;
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.
4. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен көтермелеу, құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).
6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Бұқар жырау ауданының әкімінің өкімі негізінде, ал Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін Бұқар жырау ауданы әкімінің алғысы жарияланады.
8. Мемлекеттік қызметшілер Бұқар жырау ауданы әкімінің грамотасымен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
9. Грамота және алғыс жариялау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Бұқар жырау ауданы әкімінің қолы қойылады.
10. Бұқар жырау ауданы әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешім "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады.
"Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің аудан әкімінің грамотасымен көтермелеулерін есепке алу аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі, көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.
12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:
1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
3) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.