Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4539 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 30 желтоқсандағы | |
№ 458 қаулысына қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2013 жылғы "23" қазандағы | |
№ 334 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ
№ | Аудандар мен қала атаулары | Барлық залалданған аумақ, гектар | Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар | |||
жатаған (қызғылт) кекіре | арам сояулар | калифорниялық қалқаншалы сымыр | қауын шыбыны | |||
1. | Арал ауданы | 162 | 84 | 1 | 4 | 73 |
2. | Қазалы ауданы | 239 | 9 | 15 | 5 | 210 |
3. | Қармақшы ауданы | 192,5 | 10 | 60 | 2,5 | 120 |
4. | Жалағаш ауданы | 267 | 40 | 95 | 9 | 123 |
5. | Сырдария ауданы | 388 | 40 | 195 | 5 | 148 |
6. | Шиелі ауданы | 885 | 110 | 110 | 5 | 660 |
7. | Жаңақорған ауданы | 615 | 20 | 235 | 5 | 355 |
8. | Қызылорда қаласы | 68,4 | 23 | 0,9 | 18 | 26,5 |
Барлығы | 2816,9 | 336 | 711,9 | 53,5 | 1715,5 |