"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылындағы "Мөлтек ауданы" көшесі "Бөкембай Қырғызбаев" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | О. Жамшейтов |