Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 2/16 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 4495 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 11/67 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 11/67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Жүсіпов).

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ғ. Әбдісадық
      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Зәкенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  № 2/16 шешіміне 1 қосымша

Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314  "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі  № 226  "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 18.08.2023 № 5/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақмүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) уәкілетті орган – "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган);

      4) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі -Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, оныңорналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) www.egov.kz "Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұданәрі - Веб-портал).

      7) жергілікті өкілетті орган - Ақтау қалалық мәслихаты.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 18.08.2023 № 5/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының үш пайызы мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар және ерлі-зайыптылар үшін бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 23.12.2022 № 22/173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарға шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 18.08.2023 № 5/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Коммуналдық қызметтерді тұтынған үшін соманың құрамына: сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, лифттерге және канализацияға қызмет көрсету кіреді.

2 - тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды қоса өтініш береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20498 болып тіркелген) сәйкес айқындалады;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Тәртіптің 14 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстары туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға шоттарды ғана ұсынады.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 18.08.2023 № 5/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      11. Осы тәртіптің 9 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      12. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      13. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      14. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 18.08.2023 № 5/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратынуәкілетті органменқабылданады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат түрінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      16. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, ағымдағы қаржы жылына тағайындалады.

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейін қалыптасқан коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.

      18. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін есептеу кезінде келесідей нормалар ескеріледі:

      1) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін әр адамға кемінде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң алынады, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтерден кем емес;

      2) есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      19. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын жайы бар немесе үй-жайын жалға (жалдауға) немесе жартылай жалға берген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      20. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажет болған жағдайда, Уәкілетті орган өтініш берушінің тұрған жерінің материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізуге құқылы.

3 - тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      21. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы әр айдың 25-не дейін жүзеге асырылады.

      22. Отбасы (азамат) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.

      Отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.

      Ескерту. Шешім 22-тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 18.08.2023 № 5/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2021 жылғы 14 сәуірдегі
  №2/16 шешіміне 2 қосымша

Ақтау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3191 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. 2017 жылғы 16 мамырдағы № 8/102 "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3372 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. 2018 жылғы 17 қырқүйектегі № 19/211 "Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3711 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/313 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4075 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. 2020 жылғы 15 маусымдағы № 32/371 "Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау

Решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14 апреля 2021 года № 2/16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 23 апреля 2021 года № 4495. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 28 марта 2024 года № 11/67.

      Сноска. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 28.03.2024 № 11/67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" Актауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актау согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Актауского городского маслихата по перечню согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат Актауского городского маслихата" (руководитель аппарата - Д.Телегенова) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции и его размещение в интернет-ресурсе.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актауского городского маслихата по социальным вопросам и вопросам законности и правопорядка (Жусупов Б.).

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г. Абдисадык
      Секретарь Актауского городского маслихата С. Закенов

  Приложение 1 к решению
  Актауского городского маслихата
  от 14 апреля 2021 года №2/16

Размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актау

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи в городе Актау разработаны в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200), постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года  № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20498).

      Сноска. Преамбула в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 18.08.2023 № 5/28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. В размере и порядке оказания жилищной помощи в городе Актау используются следующие основные понятия:

      1) доля предельно-допустимых расходов-отношение предельно-допустимого уровня расходов малообеспеченной семьи (гражданина) в месяц на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в процентах;

      2) совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      3) уполномоченный орган - государственное учреждение "Актауский городской отдел занятости и социальных программ" (далее-Уполномоченный орган);

      4) малообеспеченные семьи (граждане)- лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      5) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее-Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      6) веб-портал "Электронное правительство Республики Казахстан" www.egov.kz (далее – Веб-портал);

      7) местный представительный орган - Актауский городской маслихат.

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами, не более 10 процентов.

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 18.08.2023 № 5/28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Доля предельно-допустимых расходов устанавливается в размере трех процентов, а для одиноких пенсионеров, лиц с инвалидностью всех групп и супружеских пар в размере одного процента к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина).

      Сноска. Пункт 3 в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 23.12.2022 № 22/173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      5. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      6. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      7. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      Сноска. Пункт 7 в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 18.08.2023 № 5/28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. В состав суммы за потребление коммунальных услуг входят: водоснабжение, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление, обслуживание лифтов и канализации.

Глава 2. Порядок назначения жилищной помощи

      9. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы малообеспеченной семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан) претендующей на получения жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20498);

      3) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      5) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      6) банковского счета;

      7) счета о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      8) счета на потребление коммунальных услуг;

      9) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      10) счета о расходах за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 14 настоящего Порядка.

      Сноска. В пункт 9 внесен изменения, решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 18.08.2023 № 5/28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      11. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 9 настоящего Порядка, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      12. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      13. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      14. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, установленные уполномоченным органом, осуществляющим руководство и межотраслевую координацию в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства.

      Сноска. Пункт 14 в редакции решения Актауского городского маслихата Мангистауской области от 18.08.2023 № 5/28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи.

      Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      16. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления на текущий финансовый год.

      17. Задолженность по коммунальным услугам, образовавшаяся до назначения жилищной помощи не учитывается.

      18. При расчете размера жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) учитываются следующие нормы:

      1) за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается не более восемнадцати квадратных метров полезной площади на каждого человека, но не менее однокомнатной квартиры;

      2) норма потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых, компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливается в соответствии с действующим законодательством.

      Если нормы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.

      19. Малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья или сдающим помещение внаем (аренду) или поднаем, жилищная помощь не назначается.

      20. В случае необходимости подтверждения достоверности представленных документов Уполномоченный орган вправе производить обследование материально-бытовых условий проживания заявителей.

Глава 3. Выплата жилищной помощи

      21. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется Уполномоченным органом через банки второго уровня до 25 числа каждого месяца.

      22. Исчисление совокупного дохода не производится в случае представления семьей (гражданином) заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов.

      При представлении семьей (гражданином) заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, заявителю и его семье выплата жилищной помощи прекращается на весь период ее назначения.

      Сноска. Решение дополнено пунктом 22 в соответствии с решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 18.08.2023 № 5/28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

 
  Приложение 2 к решению
  Актауского городского маслихата
  от 14 апреля 2021 года № 2/16

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Актауского городского маслихата

      1. Решение от 21 октября 2016 года № 5/57 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3191, опубликовано 6 декабря 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Решение от 16 мая 2017 года № 8/102 "О внесении изменений в решение городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3372, опубликовано 14 июня 2017 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Решение от 17 сентября 2018 года № 19/211 "О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3711, опубликовано 10 октября 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. Решение от 12 декабря 2019 года № 29/313 "О внесении изменений в решение Актауского городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4075, опубликовано 31 декабря 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      5. Решение от 15 июня 2020 года № 32/371 "О внесении изменений в решение Актауского городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/57 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4240, опубликовано 23 июня 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).