Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 2/16 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 22/173 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 23347 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 11/67 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 11/67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4495 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының үш пайызы мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар және ерлі-зайыптылар үшін бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады