Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 32/371 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 4240 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 2/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 14.04.2021 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-123 және 2020 жылғы 22 қаңтардағы №10-11-171 ұсыныстарының негізінде, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3191 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 қосымшада:

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20498 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.";

      7 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын. 

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
      қалалық мәслихат хатшысы С.Зәкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады