Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 13/100 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26075 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 14/111 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 14/111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4502 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      орыс тілінде 3 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      8 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі "Ана данқы" орденімен наградталған көп балалы аналарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      8 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 26 сәуір – Чернобыль апатын еске алудың халықаралық күні:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;";

      8 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

      он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      орыс тілінде 8 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      орыс тілінде 8 тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      8 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні қазан айының екінші жексенбісі:

      барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      орыс тіліндегі 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      орыс тіліндегі 16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      қазақ тіліндегі 20 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      "Осы қағиданың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Т. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады