Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3993 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Қалдығараев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әзірхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 2 наурыздағы | |
№ 53 қаулысына қосымша | |
Бейнеу ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 4 қыркүйектегі | |
№ 210 қаулысына қосымша |
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | KR-BG-1 | Боранқұл-Сарықамыс автомобиль жолы | 80 шақырым |
2 | KR-BG-2 | Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш автомобиль жолы | 73 шақырым |
3 | KR-BG-3 | Ақжігіт-Сам автомобиль жолы | 25 шақырым |