"Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шілдеде № 23285 болып тіркелді

      ШЕШТIМ:

      1. Бейнеу ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Бейнеу ауданының әкімі
  2021 жылғы 2 шілдедегі
  № 6 шешіміне
  қосымша
  Бейнеу ауданының әкімі
  2018 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 5 шешіміне
  қосымша

Бейнеу ауданының аумағында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

№ 113 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының "Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б.Майлин атындағы көшесінің № 1-80 үйлері, Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 1-86А үйлері, Т. Рысқұлов атындағы көшесінің № 1-80 үйлері, Д. Нұрпейісова атындағы, Айназар ата атындағы, С. Датұлы атындағы, Ш. Құдайбердіұлы атындағы, М. Жұмабаев атындағы көшелерінің үйлері.

№ 114 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 30-35, № 37, № 62-64 көпқабатты үйлері, № 65-92 үйлері, Ө. Құлбатыров атындағы, Е. Бөкетбайұлы атындағы, Ж. Байбозұлы атындағы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы атындағы, И. Тіленбайұлы атындағы, Қ. Ещанов атындағы, А. Жұбанов атындағы, Ә. Молдағұлова атындағы, Қ. Төлеуұлы атындағы, Байқұл қажы Қаныбекұлы атындағы, С. Сейфуллин атындағы, Барақ батыр атындағы көшелерінің үйлері.

№ 115 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Үстірт жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының А. Керейұлы атындағы көшесінің № 1-20 үйлері, Ерменбет би атындағы көшесінің № 1-26 үйлері, Тұрманбет батыр атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 1-27 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 1-29 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 1-29 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 101-120 үйлері, М. Әуезов атындағы, Атақозы батыр атындағы, С. Қилыбайұлы атындағы, Ә. Жанкелдин атындағы, И. Сүйеубаев атындағы көшелерінің үйлері.

№ 116 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 38-41 көпқабатты үйлері, Қосай ата атындағы, Т. Айбергенов атындағы, Ер Қонай атындағы, Мәтжан би атындағы, Ер Шабай атындағы, Т. Әлиев атындағы, А. Тілеуұлы атындағы, Н. Оңғалбаев атындағы, М. Бегенов атындағы, Н. Шыршығұлұлы атындағы, Оразмұхамед ахун атындағы, Қыдырша ата атындағы, Рсалы батыр атындағы, Ақбөбек атындағы, Қ. Қорабайұлы атындағы, Ер Бегей атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Ер Қармыс атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Е. Айшуақұлы атындағы, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Қ. Боқанұлы атындағы, Төремұрат батыр атындағы көшелерінің үйлері.

№ 117 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.

      Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "99116 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

№ 118 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының № 1-29, № 47-49, № 53-56, № 59-61 көпқабатты үйлері, С. Ақшабаев атындағы, Ж. Қалдығараев атындағы, Қашаған атындағы көшелерінің үйлері, 1 учаскесінің үйлері, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Төремұрат батыр атындағы, Қосай ата атындағы және Т. Айбергенов атындағы көшелерінің арасында орналасқан № 1-80 үйлер, Көне Бейнеу жеріндегі үйлер.

№ 119 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Манашы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 147-240 үйлері, Досат атындағы көшесінің № 1-100 үйлері, Есекмерген батыр атындағы, Самалық батыр атындағы, Шолтаман атындағы, Достық, Ынтымақ көшелерінің үйлері.

№ 120 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Б. Майлин атындағы көшесінің № 81-240 үйлері, Шоғы батыр атындағы, Уейіс Қайралапов атындағы, Әбдібек Жаманбаев атындағы, Қаржаубай Жылқыбаев атындағы, Қосарқан, Қарақоға, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Шахан, Жезді, Аспантай көшелерінің үйлері.

№ 121 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Күйкен жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ұлы Жібек жолы көшесінің №56-130 үйлері, Меңдіқұл батыр атындағы көшесінің № 56-130 үйлері, Әділ атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тастемір атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Тасастау, Көлтабан, Жиделі, Рақ батыр атындағы, Аманжол шебер атындағы, Бердібай Сарбалаев атындағы, Сүйінқара батыр атындағы, Аманбай ата атындағы, Ш. Шыңғысов атындағы, А. Өтеуов атындағы, Шиланды, Қайдақ, Ақшағыл, Матай, Серкебай көшелерінің үйлері.

№ 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Амантұрлы батыр атындағы көшесінің № 1-127 үйлері, Асау батыр атындағы көшесінің № 1-127 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің № 1-57 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 1-114 үйлері, Балуанияз батыр атындағы көшесінің № 1-117 үйлері.

№ 123 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Ұлы Жібек жолы көшесінің № 1-55 үйлері, Меңдіқұл батыр атындағы көшесінің № 1-55 үйлері, Д. Тәжіұлы атындағы, Ж. Мыңбаев атындағы, Қ. Сыдиықов атындағы, И. Тайманов атындағы, М. Мәметова атындағы, А. Балов атындағы, М. Өтемісұлы атындағы, Т. Әлниязұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 124 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Балуанияз батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Қ. Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Амантұрлы батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Асау батыр атындағы көшесінің № 180-280 үйлері, Әбілхайыр хан атындағы, Абылай хан атындағы, Айрақты, Алатау, Балқаш, Бопай ханым атындағы, Дағар, Есенқазақ, Жайық, Жайылған, Жетісу, Қарағайлы, Каспий, Күйкен, Құсшы, Лабақ батыр атындағы, Манашы, Мұғалжар, Мұрын жырау атындағы, Нарынқол, Сарыарқа, Теректі, Тұрыш ата атындағы, Ұлытау, Хасан хазірет атындағы, Шаршы, Шүңкілдек, Қалмұрат Сабырбаев атындағы, Шерқала, Желтау, Қарабұлақ, Ұланақ көшелерінің үйлері.

№ 125 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Опорный жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 2, 6 және 7 учаскелерінің үйлері.

№ 126 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарақұм жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 3 және 5 учаскелерінің үйлері.

№ 127 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Боранқұл жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл ауылының 1 және 4 учаскелерінің үйлері.

№ 128 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт ауылының № 1-128 үйлері.

№ 129 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт теміржол стансасының № 1, № 2 екі қабатты үйлері, Ақжігіт ауылының № 129-242 үйлері.

№ 130 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Есет" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

      Шекарасы: Есет ауылының үйлері.

№ 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Бейнеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сарға ауылының үйлері.

№ 132 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұрыш" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұрыш ауылының үйлері.

№ 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сыңғырлау" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сыңғырлау ауылының үйлері.

№ 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сам ауылының үйлері.

№ 135 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә. Махутов атындағы "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Төлеп ауылының үйлері.

№ 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ноғайты ауылының үйлері.

№ 137 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Тәжен" "мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тәжен ауылының үйлері.

№ 138 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Атамекен" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Т. Тоқтаров атындағы, Ж. Аймауытов атындағы, Құрманғазы атындағы, Сәттіғұл атындағы көшелерінің үйлері.

№ 139 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Күйкен" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының А. Керейұлы атындағы көшесінің № 21-135 үйлері, Ерменбет би атындағы көшесінің № 27-135 үйлері, Тұрманбет батыр атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Шағырлы, Т. Қосжанұлы атындағы көшелерінің үйлері.

№ 140 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Манашы" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қ. Сәтбаев атындағы көшесінің № 87-146 үйлері, Т. Рысқұлов атындағы көшесінің № 81-241 үйлері, Асау батыр атындағы көшесінің № 128-179 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің № 58-120 үйлері, Амантұрлы батыр атындағы көшесінің № 128-179 үйлері, Қ Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 115-179 үйлері, Балуанияз батыр атындағы көшесінің № 118-179 үйлері, Белдеулі, Бірлік, Білеулі, Рзаевтар атындағы, Сүгір Бегендікұлы атындағы көшелерінің үйлері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады