"Көшелерге атау беру туралы" Бейнеу ауылы әкімінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 448 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 812 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25213 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Бейнеу ауылы әкімінің "Көшелерге атау беру туралы" 2015 жылғы 6 мамырдағы № 448 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2733 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 27 қаңтардағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:".

      2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С.Көкшеевке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауылының әкімі Р. Тайшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады