2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Утеулин |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 12 наурыздағы | |
№ 21 шешіміне | |
қосымша |
2021 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Арнайы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері (теңге) |
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1 000 текше метр | 143,04 |
Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | 1 000 текше метр | 407,25 |
Ауыл шаруашылығы | 1 000 текше метр | 112,56 |
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1 000 текше метр | 112,56 |