"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы бойынша 2021–2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 25 тамыздағы | |
№ 405 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай облысы бойынша 2021–2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Р/с № | Жоғары оқу орнынан білім кейінгі - резидентурада даярлау бағытының коды және атауы | Оқыту нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі) | Бір білім алушынының жоғары оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге) | |
2021 жыл | 2022 жыл | |||
1 |
(6R112600) | 5 | 1 359 000 | 4 077 500 |
2 |
(6R114400) | 5 | 1 359 000 | 4 077 500 |
3 |
(6R114300) | 5 | 1 359 000 | 4 077 500 |
4 |
(6R114700) | 5 | 1 359 000 | 4 077 500 |
Барлығы | 20 |