Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған тыңайтқыштарға субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 13 қыркүйектегі | |
№ 430 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 24 ақпандағы | |
№ 88 қаулысына | |
2-қосымша |
2021 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемі
Р/с | Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге | |
1 | Жергілікті бюджет | 3 200 000,0 |
2 | Республикалық бюджет | 735 243,0 |
Барлығы | 3 935 243,0 |