Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 92 бірлескен қаулысы және шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24479 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналар:

      Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округінің Жамбаскөл ауылы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округінің Қайындыкөл ауылының құрамына енгізіле отырып;

      Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің Қоржынкөл ауылы Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің Павлов ауылының құрамына енгізіле отырып;

      Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің Озерное ауылы Денисов ауданы Қырым ауылдық округінің Қырым ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      2. Денисов ауданының Қырым ауылдық округі Денисов ауданының Қырым ауылы болып қайта құрылсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады