Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстері мен атауларын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 тамыздағы № 352 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 18 қарашадағы | |
№ 524 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2015 жылғы 14 тамыздағы | |
№ 352 қаулысына | |
қосымша |
Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстері мен атаулары
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауылары |
1 | КР-1 | "Рудный – Қашар – Федоров" |
2 | КР-2 | "Қостанай – Введен" |
3 | КР-3 | "Тобыл – Садчиков – Сергеев" |
4 | КР-4 | "М-36 Екатеринбург – Алматы" – Қостанай қаласы (кіреберіс жолы бар кіші көпір) |
5 | КР-5 | "Мамлютка – Қостанай" (Қостанай қаласына кіреберіс жолы) |
6 | КР-6 | "Тобыл – Садчиков – Сергеев" – Садовый ауылы (сауықтыру кешеніне кіреберіс жолы) |
7 | КР-7 | "М-36 Екатеринбург – Алматы" – Қостанай ауданының Октябрь ауылдық округі ("Лесная" туристік базасына кіреберіс жолы) |
8 | КР-8 | "Мамлютка – Қостанай – Красная Пресня – Звериноголовское" |
9 | КР-9 | "Қостанай – Введен" – Загарин ауылы (Загарин ауылына кіреберіс жолы) |
10 | КР-10 | "Мамлютка – Қостанай – Красная Пресня – Звериноголовское" – Архипов ауылы (Архипов ауылына кіреберіс жолы) |
11 | КР-11 | "Мамлютка – Қостанай – Пресногорьков – Белоглинка – Воскресеновка" |
12 | КР-12 | "Ұзынкөл – Сарыкөл" |
13 | КР-13 | "Сарыкөл – Большие Дубравы" |
14 | КР-14 | "Қарасу – Большая Чураковка" |
15 | КР-15 | "Қойбағар – Қарасу – Севастополь" |
16 | КР-16 | "Әулиекөл – Москалевка – Мақсұт – Смайыл" |
17 | КР-17 | "Әулиекөл – Диев – Қосағал – Раздольное" |
18 | КР-18 | "Әулиекөл – Жалдама" |
19 | КР-19 | "Қарамеңді – Раздольное – Аралкөл" |
20 | КР-20 | "Әйет – Варваринка – Қостанай облысының шекарасы" |
21 | КР-21 | "Тобыл – Әйет – Красносельское – Набережное" |
22 | КР-22 | "Лисаков – Қайыңдыкөл – Арка" |
23 | КР-23 | "Қарабұтақ – Комсомол – Денисов – Рудный – Қостанай" – Балықты ауылы (Рудный қаласының айналма жолы) |
24 | КР-24 | "Жітіқара – Қамысты – Ливановка" |
25 | КР-25 | "Жітіқара – Қамысты – Ливановка" – Тоқтаров ауылы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "УК-161/3 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесіне кіреберіс жолы) |
26 | КР-26 | "Адаевка – Орқаш – Аралкөл" |
27 | КР-27 | "Торғай – Шилі – Аралкөл" |
28 | КР-28 | "Арқалық – Торғай" |
29 | КР-29 | "Жезқазған – Петропавл" – Арқалық қаласы (Арқалық қаласының айналма жолы) |