"Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қазанда № 24816 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округі әкімінің "Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8484 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Амангелді ауданының Байғабыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғабыл ауылдық округінің әкімі А. Зейнолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады