Денисов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 44 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24792 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 44 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады