"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Т. Карбозов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 30 наурыздағы | |
№ 64 қаулысына | |
1-қосымша |
Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 24.01.2023 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Қарамеңді ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта; |
2 | Шолақсай ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Шолақсай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта; |
3 | Қожа ауылы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Науырзым жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта; |
4 | Шилі ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Шилі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
5 | Дәмді ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Дәмді жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
6 | Мереке ауылы | Ауыл клубы ғимаратының жанындағы тақта |
7 | Өлеңді ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданы білім бөлімінің Өлеңді негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
8 | Раздольное ауылы | "Науырзым ауданы Раздольное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта |
9 | Буревестник ауылы |
"Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта; |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 30 наурыздағы | |
№ 64 қаулысына | |
2-қосымша |
Әкімдіктің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1. Әкімдіктің "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-115 болып тіркелген).
2. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4669 болып тіркелген).
3. Әкімдіктің "Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 6 қазандағы № 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7277 болып тіркелген).
4. Әкімдіктің "Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 6 ақпандағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8967 болып тіркелген).