Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 64 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9843 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | К. Абишев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Науырзым аудандық
сайлау комиссиясы
Науырзым | |
ауданы әкімдігінің | |
2023 жылғы 24 қаңтардағы | |
№ 1 қаулысына | |
қосымша | |
Науырзым | |
ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 30 наурыздағы | |
№ 64 қаулысына | |
1-қосымша |