Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 169 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қарашада № 7277 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 30.03.2021 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес және "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен қаулысы мен шешімінің негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-115 болып тіркелген, 2011 жылдың 28 ақпанында "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

9

Буревестник ауылы

"Науырзым ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Буревестник орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының
      әкімі Т. Даиров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Науырзым аудандық

      сайлау комиссиясының

      төрайымы

      _______________ Н. Гринь

      2017 жылғы 6 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады