Әкімдіктің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 29 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 8967 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 30.03.2021 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданы әкімдігінің "Науырзым ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 53 қаулысына (2011 жылғы 28 ақпанда "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-115 болып тіркелген) Науырзым аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7

Өлеңді ауылы

"Науырзым ауданы білім беру бөлімінің Өлеңді негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.

      ".

      2. "Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Исмаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады