Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 85 "Науырзым ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 137 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25234 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің "Науырзым ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 85 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7031 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Науырзым ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі К. Абишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады