Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 317/8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25636 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Павлодар облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы" № 438/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 болып тіркелген);

      2) Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Павлодар облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы" № 438/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 334/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6660 болып тіркелген).

      2. "Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады