Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалаcы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің 17.11.2021 № 1-03/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеренариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдың № 2-19/228 сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Құркөл ауылының: 40 лет Победы, Муканова, Донентаева көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі | Б. Сукер |