Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Еңбекші ауылдық округінің Еңбекші ауылы Ленин көшесінің аумағында ауыл шаруашылығы жануарлардың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы "Еңбекші селолық округінің Еңбекші ауылының Ленин көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3568 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекші ауылдық округінің әкімі | Т. Жумабеков |