Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 14.07.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 1-13/142 ұсынысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железин ауданы Лесной ауылдық округінің Лесное ауылының Первомайская және Зеленая көшелерінде жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі | Н. Унбаев |