Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 – қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының сессия төрағасы | А. Жанабаев |
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Шпехт |
Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 289/86 шешіміне 1-қосымша |
Шарбақты ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
ткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті
толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Шарбақты ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:
Шарбақты ауылының Тәуелсіздік көшесі бойындағы № 49 әкімшілік ғимарат жанындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - сексен адам.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 15.04.2021 № 21/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:
Шарбақты ауылының Тәуелсіздік көшесі (1 май көшесінен Қанаш Қамзин көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - сексен адам.
3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.
4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) көше жарықтандыруының болуы;
2) бейнебақылау камераларының болуы;
3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қантардағы № 289/86 шешіміне 2-қосымша |
Шарбақты ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 25.01.2024 № 62/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.