Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Шарбақты ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 289/86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 21/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 7249 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Шарбақты ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 289/86 шешіміне, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7172 болып тіркелген, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Шарбақты ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

      Шарбақты ауылының Тәуелсіздік көшесі бойындағы № 49 әкімшілік ғимарат жанындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - сексен адам.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты аудандық мәслихатының сессия төрағасы Р. Айдарбекова
      Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы Н. Кизатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады