Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Шарбақты ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 289/86 шешіміне, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7172 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасындағы "400" сандары "800" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының заңдылықты және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданндық маслихат төрағасы | Г. Смаилханова |