Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 21 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 1687 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-банына сәйкес, VII сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1067 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Ә. Жүдебаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс III сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы С. Канкуров

  Алматы қаласы мәслихатының
2021 жылғы 19 ақпаны № 21
шешіміне қосымша
V сайланған
  Алматы қаласы мәслихатының
XXVІІ сессиясының 2014 жылғы
2 маусымдағы № 232
шешіміне қосымша

Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
және көрсету Ережесі

      Осы Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) отбасы-некеде (ерлі-зайыпты) болу не болмау немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

      4) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

      5) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      6) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      7) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;

      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған міндетті ай сайынғы жарналары;

      9) уәкілетті орган – Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы;

      10) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек нысандарының бір болып табылады және ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары айқындайды. Алматы қаласындағы отбасылардың (азаматтардың) шығындарының шекті-жол берілетін деңгейі 5 пайызды құрайды.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Ортақ үй-жайда (бір пәтерде) тұратын бірнеше жалдаушылар мен меншік иелері арасында тұрғын үйге төлем және коммуналдық қызметке төлем бойынша ортақ шығындарды бөлу тәртібі, барлық жақтың келісімімен, егер келісімге келе алмаған жағдайда – сот тәртібімен айқындалады.

      8. Тұрғын үй көмегін алушы немесе өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне жоғары тұрған органдарға, сонымен қатар, сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш жасау тәртібі

      9. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      10. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      11. Жеке тұрғын үйдің меншік иесі осы Ережеде көрсетілген құжаттарды өтінішке қоса береді.

      12. Осы Ережеде көзделген құжаттарды жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын өтініш беруші ұсынады.

      13. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      14. Тұрғын үй көмегін тағайындаудың есептік кезеңі болып барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген кездегі жыл тоқсаны саналады.

      15. Тұрғын үй көмегі барлық ағымдағы айға толық тағайындалады.

      16. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғынжайды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану төлемінің нақты төленген сомасынан аса алмайды.

      17. Пәтер иелері жиналысының, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған төлем мөлшері туралы шешімі тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде коммуналдық қызметтердің келесі түрлерінің төлеміне кететін шығындар есепке алынады:

      1) сумен жабдықтау;

      2) су бұру;

      3) газбен жабдықтау;

      4) электрмен жабдықтау;

      5) жылумен жабдықтау;

      6) қоқыс әкету;

      7) лифтілерге қызмет көрсету.

      19. Тұрғын үй көмегін алғанға дейін пайда болған қарыздарды өтеуді коммуналдық қызметтерді жеткізушілер бақылайды және тұрғын үй көмегін есептеген кезде есепке алынбайды.

      20. Отбасының (азаматтың) шекті-жол берілетін шығыстарының, тұрғынжайды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың төлемі және коммуналдық қызметті пайдалану төлемі, отбасының (азаматтың) табыстары, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық қызметіне және байланыс қызметтеріне төлем (тариф) мөлшерінің үлесі өзгерген жағдайда уәкілетті органның аудандық бөлімдері бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегіне өзгерістер күшіне енгеннен бастап қайта есептеу жүргізеді.

      21. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      22. Тұрғын үй көмегінің артық төленген сомасын алушы ерікті түрде қайтаруы, егер бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      23. Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіту кезінде коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметтерді) реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметті қолдану нормаларына тең.

      24. Электр энергиясын жіберу (тұтыну) нормасы айына 1 адамға табиғи монополияларды (монополистік қызметтерді) реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган белгіленген төменгі жіберілген норманың тарифіне тең.

      25. Орнын толтыратын төлемақылармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы, отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасына тең және адам басына он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – иеленіп отырған тұрғын үйінің нақты пайдалы алаңына тең болуы тиіс.

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      26. Тұрғын үй көмегі төлемін қаржыландыру осы Ережеде қарастырылған тәртіпке сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      27. Тұрғын үй көмегі төлемі өткен айға жүргізіледі.

      28. Тұрғын үй көмегін төлеу ағымдағы, карталық шотқа есептелген соманы аудару немесе алушыларға қаржылық соманы үйде төлеу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады