Алматы қаласы Наурызбай ауданының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VI сессиясының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 50 және Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 2/287 бірлескен шешiмi мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 маусымда № 22990 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 14 сәуірдегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Төмендегі көшелерге:

      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша "Таужолы" шағын ауданындағы:

      Щедрость көшесіне – Капитолина Крюкова көшесі;

      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша "Қалқаман-2" шағын ауданындағы:

      5-көшеге – Сергей Дьяченко көшесі;

      7-көшеге – Валерий Хрищатый көшесі;

      Проектируемая көшесіне – Базарбай Жұманиязов көшесі;

      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша "Тастыбұлақ" шағын ауданындағы:

      Айболит-2 көшесіне – Алексей Хегай көшесі;

      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша "Ақжар" шағын ауданындағы:

      Карьерная көшесіне – Қилыбай Медеубеков көшесі;

      Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша "Наурыз" шағын ауданындағы:

      Интернациональная көшесіне – Саламат Мұқашев көшесі деп қайта атау берілсін.

      2. Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, "Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы", "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы", "Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы бірлескен қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев
      Алматы қаласы мәслихатының
кезектен тыс VI сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады