"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 қаңтарда № 6919 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына (2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің қаулысына
  2021 жылғы 8 қаңтардағы
  № 1 қосымша
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "03" қарашадағы
  № 438 қаулысына
  қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Атауы

Мекенжайы

1.

Жеке кәсіпкер
"Куминова Елена Владимировна"
"Школьник" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Интернационал көшесі, 71

2.

Жеке кәсіпкер
"Куминова Елена Владимировна" "Карандаш" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Евней Бөкетов атындағы көше, 51

3.

Жеке кәсіпкер
"Садакова Ольга Геннадьевна"
"Пеликан" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Хименко көшесі, 10 "А"

4.

Жеке кәсіпкер
"Садакова Ольга Геннадьевна"
"Кнопка" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 111

5.

Жеке кәсіпкер
"Садакова Ольга Геннадьевна"
"Книги" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақстан Конституциясы көшесі, 14

6.

Жеке кәсіпкер
"Садаков Валерий Геннадьевич
"Мир школьника" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Кәрім Сүтішев көшесі, 49

7.

Жеке кәсіпкер
"Харнам Андрей Александрович"
"Спутник" сауда үйі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Евней Бөкетов атындағы көше, 44

8.

Жеке кәсіпкер
"Стебаева Елена Александровна"
"Пять звезд" сауда үйі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Ыбырай Алтынсарин атындағы көше, 164

9.

Жеке кәсіпкер
"Боев Вячеслав Леонидович"
"Рахмет" сауда үйі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Кәрім Сүтішев көшесі, 58 "Б"

10.

Жеке кәсіпкер
"Ахметова С. С."
"Караван" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 246

11.

"Алтын Адал" сауда базары жауапкершілігі шектеулі серектестігі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Астана көшесі, 30 "А"

12.

Жеке кәсіпкер
"Гладкий А. В."
"Орталық Базар" жаппалы әмбебап
сауда базары

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Саумалкөл ауылы
Янко көшесі, 40

13.

Жеке кәсіпкер
"Зайцева Г. А."
"Буратино" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Интернационал көшесі, 22

14.

Жеке кәсіпкер
"Белоножко В.А."
"Страна товаров" дүкені

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Астана көшесі, 27

15.

Жеке кәсіпкер
"Бектемиров Амир Усманович"
"Дария базары"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Бостандық көшесі, 22 "А"

16.

"Солтүстік Қазақстан облыстық Кришна санасы қоғамы" жергілікті діни бірлестігі

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Свободная көшесі, 29


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады