Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 2/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 7141 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекаралары және төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының төрағасы
Е. Мамбетов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихаты
  2021 жылғы 17 ақпандағы
  № 2/1 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекаралары және төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін базалық ставкаларға түзету коэффициенттері

Аймақ шекаралары

1

2

3

І

1,50

І аймақ Петропавл қаласының орталық бөлігін қамтиды. Бір алқаптан тұрады. Солтүстік жақтан бастап Сергей Павлов атындағы - Крепостная - Жамбыл атындағы - Аяған Шәжімбаев атындағы - Жамбыл атындағы қысқа көше - Мұхтар Әуезов атындағы - Заводская - Гоголь - Юрий Медведев атындағы - "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алаптың солтүстік жағы - Егемен Қазақстан - Партизан - Парк - Труд - 314-ші Атқыштар дивизиясы көшелерінің бойымен - "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алаптың солтүстік жағы - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы - Ыбырай Алтынсарин атындағы - Маяковский - Пушкин - Кәрім Сүтішев көшелерінің бойымен Сергей Павлов атындағы көшесіне дейін

ІІ

1,45

ІІ аймақ Петропавл қаласының орталық бөлігіне оңтүстіктен шектеседі. Солтүстік жақтан бастап "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы - Георгий Жуков атындағы - Жәлел Қизатов атындағы көшелердің бойымен - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолымен оңтүстік-шығысқа - Промышленная көшесімен - VI аймақтың шекарасы бойымен солтүстік-батысқа - Ніл Болатбаев - Жамбыл атындағы - Крепостная - Сергей Павлов атындағы көшелерінің бойымен - Есіл өзенінің жағалауымен - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейін

ІІІ

1.35

ІІІ аймақ төрт бөліктен тұрады:
ІІІ-1 аймағы - шығыс жақтан І аймақпен шектеседі. Солтүстік жақтан бастап Сергей Павлов атындағы - Кәрім Сүтішев - Пушкин - Маяковский - Ыбырай Алтынсарин атындағы көшелерінің - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолының бойымен - "Қызылжар Су" акционерлік қоғамының жер учаскесі шекарасының шығыс жағы - Перминовтер атындағы көшесі - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолының батыс жағынан Сергей Павлов атындағы көшесіне дейін.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-1 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 013, 020 (Маяковский көшесі - Ыбырай Алтынсарин атындағы көше - Т.С.Позолотин көшесі - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы), 021 (Крылов көшесінен - Есіл өзені - Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеге дейінгі бөлігі), 022 (Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеге дейінгі бөлігі - "Қызылжар Су" акционерлік қоғамы жер учаскесінің сыртқы шекарасы - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейінгі бөлігі).
ІІІ-2 аймағы - "Береке", "Бензострой" ықшам аудандары батыс жақтан І аймаққа шектеседі. Солтүстік жағынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы көшенің бойымен - шығыс жағынан VI аймақ (өнеркәсіптік аймақ) шекарасы бойымен - оңтүстік жағынан VI аймақ шекарасы бойымен ("Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген белдеу алап) - Юрий Медведев атындағы - Гоголь - Заводская - Мұхтар Әуезов атындағы көшелерінің бойымен солтүстікке қарай өтеді.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-2 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 017 (Юрий Медведев атындағы - Гоголь - Заводская - Мұхтар Әуезов атындағы көшелерінің бөлігі - "ЗИКСТО" акцонерлік қоғамы жер учаскесінің шығыс шекарасы - өнеркәсіптік аймақ), 026, 027.
ІІІ-3 аймағы - "Жұмысшы кенті" ықшам ауданы. Жол өтпесінің солтүстік-шығыс жағынан бастап шығыс бағытта "Ресей темір жолы" акционерлік қоғамына бөлінген алап шекарасымен (VI аймақ шекарасы) үймеге дейін - Космонавтар көшесі бойымен батысқа, содан әрі "Южный" ықшам ауданының шекарасы бойымен оңтүстікке - "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы бойындағы белдеу шекарасымен шығыс бағытта - "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолы бойымен солтүстік бағытта жол өтпесіне дейін.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-3 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 028, 029, 030, 031, 032, 033, 034, 035, 036, 097, 098, 099, 142 (бір бөлігі).
ІІІ-4 аймағы - "Борки, "Кірпіш зауыты", Петропавл қаласының солтүстік жақ бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен бастап оңтүстікке қарай "Петропавл-Долматов" автомобиль жолы бойымен - Жәлел Қизатов атындағы көше бойымен - Георгий Жуков атындағы көшеге өтіп - Есіл өзенінің жағалауымен - "Каскад" бау-бақша серіктестігінің шығыс жағынан - 062 кадастрлық орам шекарасы бойымен - Есіл өзені жағалауымен - "Полуостров" бау-бақша серіктестігінің шығыс жағынан - Есіл өзені жағалауы бойымен жыра арқылы "Петропавл-Долматов" автомобиль жолына дейін өтеді.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес ІІІ-4 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 002 ("Полуостров" бау-бақша серіктестігіне дейінгі бөлігі).

ІV

1,25

IV аймақ алты оқшауланған ықшам тұрғын ауданнан тұрады.
IV-1 аймағы - "Солнечный" ықшам ауданы, Петропавл қаласының солтүстік жағында орналасқан. Аймақтың шекарасы 143 кадастрлық орамның шекарасы бойымен солтүстіктен шығысқа - оңтүстік бөлігінде 043, 042, 041 кадастрлық орам шекараларының бойымен - батыс жақта 143 кадастрлық орамы шекарасының бойымен - бұдан әрі 001 кадастрлық орамның шекарасы бойымен солтүстікке өтеді.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-1 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 001 (Солнечный кентінен бастап оңтүстікте, қаланың солтүстік шекарасына дейінгі бөлігі), 043 (бір бөлігі), 141 ("Чайка" бау-бақша серіктестігінің оңтүстік жағынан, қаланың солтүстік шекарасына дейінгі бөлігі).
IV-2 аймағы - "Новопавловка кенті" ықшам ауданы, Есіл өзені мен "Петропавл - Долматов" автомобиль жолы арасында орналасқан.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-2 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 001 (Новопавловка тұрғын алабының бөлігі).
IV-3 аймағы - "Орман" ықшам ауданы, "Борки кентіне" қарама-қарсы орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстікте 057 кадастрлық орамы шекарасы бойымен - шығыс жақта "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы учаскесінің шекарасымен - бұдан әрі "Петропавл - Долматов" автомобиль жолы бойымен солтүстікке өтеді.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-3 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 059, 060, 141 ("Орман" ықшам ауданының бір бөлігі).
IV-4 аймағы - "Заречный кенті" ықшам ауданы.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-4 аймаққа мына есептік орам кіреді: 037.
IV-5 аймағы - "Кірпіш кенті" ықшам ауданы, "Былғары зауыты кенті", биотоғаннан оңтүстік-шығысқа қарай. Аймақтың шекарасы 038 және 039 кадастрлық орамдарының сыртқы шекарасымен сәйкес келеді.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-5 аймаққа мына есептік орамдар кіреді: 038, 039.
IV-6 аймағы - "Южный" ықшам ауданы, Жұмысшы кентіне қарама-қарсы, "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолынан оңтүстікке қарай. Аймақтың шекарасы солтүстік жақтан "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолы бойымен, шығыс, оңтүстік және батыс жақтан ""Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жер учаскелері шекарасы бойымен өтеді.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес IV-6 аймағына мына есептік орам кіреді: 142 ("Южный" ықшам ауданының бір бөлігі).

V

1,15

V аймақ үш аумағы шағын бөліктен тұрады және бір қабатты тұрғын үй жеке секторынан тұрады.
V-1 аймағы - Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл қаласының шығыс бөлігіндегі 2632 километр көшесі бойындағы аялдау пункті.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес V-1 аймаққа мына есептік орам кіреді: 141 (бір бөлігі).
V-2 аймағы - Петропавл қаласының шығыс бөлігіндегі Теплов орманшылығы жанындағы тұрғын үйлер.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес V-2 аймағына мына есептік орам кіреді: 151 (бір бөлігі).
V-3 аймағы - Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавл қаласының батыс бөлігіндегі 2617 километр көшесіндегі аялдау пункті.

1,05

VІ бағалау аймағына: шығыс өнеркәсіптік аймақ, сонымен қатар басқа өнеркәсіптік, қойма кәсіпорындары, зауыттардың аумағы, 2-ші жылу электр станциясы және оның жұмыс істеу үшін қажет объектілері, темір жол жолдары, түсіру алаңдары, элеватор және одан оңтүстікке қарай өнеркәсіп-қойма аумағы, автобазалар, автобус парктері жатқызылған.
VI аймақ - батыс жағынан І, ІІ, ІІІ-1, ІІІ-2, ІІІ-3, IV-6 аймақтармен және батыс жағынан V-1, V-2, VII-1 аймақтармен шектеседі. Солтүстік және шығыс жақтағы алаптың бәрі "Петропавл қаласының айналма жолы" автомобиль жолына дейін және темір жолына бөлінген белдеудің бойында шоғырланған. Сонымен қатар
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VI аймаққа "Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы" акционерлік қоғамының аумақтары (каналдар, күл үйінділері, салқындатқыш тоған және сыртқы коммуникациялар) кіреді

VІІ

1,00

VІІ аймақ он бөліктен тұрады:
VІІ-1 аймағы - оған ауыл шаруашылығы мақсатындағы, арнайы мақсаттағы жерлер, резервтегі жерлер, орман екпелері, су объектілері, бау-бақша серіктестіктері және алдыңғы алтауына қосылмаған басқа да жерлер біріктірілген.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-1 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 010 (бір бөлігі), 011 (бір бөлігі), 012 (бір бөлігі), 040-077, 080-083, 085-089, 091-094, 096, 100-111, 122-134, 141 (бір бөлігі), 142 (бір бөлігі), 143 (бір бөлігі).
VІІ-2 аймақ - Қызылжар ауданы Рощинск ауылдық округі Белое ауылынан 12 километр солтүстік-шығыстағы қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-2 аймағына мына есептік орам кіреді: 141 (бір бөлігі).
VІІ-3 аймағы - "Петропавл - Соколовка - Ресей Федерациясының шекарасы" автомобиль жолының сол жағынан Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі Якорь ауылына қарай.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-3 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 136-139.
VІІ-4 аймағы - Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі, Кривоозерка ауылының батыс жағынан.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-4 аймағына мына есептік орам кіреді: 140.
VІІ-5 аймағы - Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылының оңтүстік жағынан.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-5 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 120, 121.
VІІ-6 аймағы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылынан 1,5 километр оңтүстік жақтан.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-6 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 115-119.
VІІ-7 аймағы - Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі Кривоозерка ауылының солтүстік-батыс жағынан.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-7 аймағына мына есептік орам кіреді: 095.
VІІ-8 аймағы - "Қарғалы арал" мемлекеттік орман саяжайы – Қызылжар ауданы Прибрежное ауылдық округі Прибрежное ауылынан 1,5 километр оңтүстік-батысқа қарай.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-8 аймағына мына есептік орам кіреді: 144.
VІІ-9 аймағы - Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының солтүстік жағынан.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-9 аймағына мына есептік орам кіреді: 142.
VІІ-10 аймағы - Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Ивановка ауылының оңтүстік-шығысына қарай.
Петропавл қаласының кадастрлық картасына сәйкес VІІ-10 аймағына мына есептік орамдар кіреді: 112-114.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады