"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 188 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3845 болып тіркелді);
"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 03 наурыздағы № 46 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6076 болып тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |