"Аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері аппараттарының және аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Солтүстік азақстан облысы Аққайың ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 26 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 7102 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері аппараттарының және аудандық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 26 қаулысының (2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4065 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының
әкімі
Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады