Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 13-3 шешіміне (2017 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
"4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
"15-1.Осы Қағидаларға 2- қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек, кірістер есебінсіз 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет көрсетіледі;
15-2.Осы Қағидаларға 2- қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек, кірістер есебінсіз госпиталда болған және жолақы құжаттарын көрсеткен кезде жылына бір рет көрсетіледі;
15-3.Осы Қағидаларға 2- қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек, кірістер есебінсіз ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.".
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
№ т/т
|
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің атауы
|
Әлеуметтік көмек көрсету еселігі және мөлшері
|
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
|
1
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
2
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
3
|
Басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
4
|
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
5
|
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
6
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
7
|
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
8
|
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
9
|
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні
|
10
|
"Алтын алқа", "Күміс алқа", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар.
|
Жылына 1(бір) рет 10 (он)
айлық есептік
көрсеткіш
|
11
|
Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылар
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес)
айлық есептік көрсеткіш
|
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні
|
12
|
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
13
|
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
14
|
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
15
|
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
16
|
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
|
17
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
18
|
Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
9 мамыр – Жеңіс күні
|
19
|
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
|
Жылына 1(бір) рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштер
|
20
|
Майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.
|
Жылына 1(бір) рет5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
21
|
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
22
|
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
23
|
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
24
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
25
|
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
26
|
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
27
|
Қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
28
|
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва КСР, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
29
|
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары .
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
30
|
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы).
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
31
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
32
|
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
|
33
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
34
|
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты, Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
35
|
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштер
|
36
|
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.
|
Жылына 1(бір) рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштер
|
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
|
37
|
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.
|
Жылына 1(бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер
|
38
|
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері.
|
Жылына 1(бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер
|
39
|
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар.
|
Жылына 1(бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштер
|
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiңтшектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларыныңттұрақтытбұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiнтаурулардыңтсалдарынанттыныс-тіршілігінiңтшектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынантөзiне-өзiькүтiмьжасайьалмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгезьқарым-қатынас;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарындатболуы;
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкінеьзалалькелтіру;
15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңыныңи4,и5,и6-баптарында, и7-бабыныңт3)ттармақшасында,т8-бабында көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдемелер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа тіс протездеугетмұқтаждығы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдемелер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттықтемделугетмұқтаждығы;
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында баптарында көрсетілген жеңілдіктер мен кепілдемелер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың коммуналдық қызметтерді төлеу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;
19) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысына қарамай 18 жасқа толмаған тұлғаларға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;
20) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4, 5, 6-баптарында, 7-бабының 3) тармақшасында, 8-бабында көрсетілген ардагерлердің сондай-ақ басқа да тұлғалардың, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен тұлғалардың, сондай-ақ Кариб дағдарысының кезенінде 1962 жылғы 1 қыркүйектен 1963 жылғы 30 қараша аралығындаи"Анадырь" әскери-стратегиялық операциясына қатысқан тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру құжатын ұсынуымен теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
21) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, адамның имунитет тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға қосымша күшейтілген тамақтануға және тұрақты күтімге мұқтаждығы.