Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 119 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 сәуірде № 7388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсрепов атындығы аудан әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастемиров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

      мәслихатының хатшысы

      _________________Е. Әділбеков

      2021 жылғы "____" ___________

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімінің
  2021 жылғы 29 сәуірдегі
  № 119 қаулысына
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан әкімдігінің
  2019 жылғы " 26" желтоқсандағы
  № 320 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      3) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) қарттар мен мүгедектерді күту бойынша әлеуметтік қызметкер – біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан үлкен мүгедектерді және мүгедек-балаларды күту бойынша әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      7) ауданның жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      9) жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

      2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі (басшысы);

      5) барлық атаулардың ( негізгі қызметтердің) әдіскерлері - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      6) библиограф-біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      7) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      8) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      9) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік басшысы;

      10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      11) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      13) хореограф - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      14) кинорежиссер - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      15) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      16) хормейстер – біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      17) барлық атаудағы әртіс - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады